24.01.2025

Спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді

Спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшелері нормативтік құқықтық актілерді, заң жобаларын әзірлеуге және туризм, спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметі саласын дамытуға байланысты өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысып келеді.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру. Қоғамдық кеңес «Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты қарастырып, мақұлдады. Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді. Енді аккредиттелген спорт федерациялары спортшылардың бірінші және жеке жаттықтырушыларын көрсете отырып, нотариуспен куәландырылған өтініштерді ұсынуға тиіс.

Тағы бір маңызды шешім – спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрықтың өзгеруі. 

Ондағы негізгі өзгерістер:

Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;

Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;

Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.

Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Бокс 8 сағат бұрын

Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты

Бокс 8 сағат бұрын

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты

Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Бокс 9 сағат бұрын

Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Әлем кубогы:  Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Бокс 10 сағат бұрын

Әлем кубогы: Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Надежда Рябец жартылай финалға шықты

Бокс 10 сағат бұрын

Надежда Рябец жартылай финалға шықты

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар өтті

Дзюдо 11 сағат бұрын

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар өтті