01.02.2025
Футзал: Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңіліске ұшырады
Футзалдан EURO 2026 іріктеу турнирінде ұлттық құрамамыз сырт алаңда топтың басты аутсайдері саналған Данияға қонаққа барып, күтпеген жерден 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, жерлестеріміз турнир кестесінде Арменияны алға жіберіп, 4 ұпаймен 2-орынға төмендеді.
Голдар: Фогдт, 26 минут (1:0), Cеріков, 30 минут (1:1),Юсеф, 34 минут (2:1),Юсеф, 38 минут (3:1),Тұрсағұлов, 40 минут (3:2)
Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 5 ақпан күні Астана қаласында Данияға қарсы өткізеді. 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдап, 12 наурызда Армения құрамасымен кездеседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов