02.02.2025
Анастасия Городко әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz
Канаданың Вал Сент-Коме қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Анастасия Городко күміс жүлде жеңіп алды.
Анастасия паралелль-могулда сәтті өнер көрсетті.
Жартылай финалда спортшымыз олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффонды жарыс жолынан шығарып жіберді. Ал финалдық бәсекеде Городко америкалық Джейлин Кауфқа жол берді.
Басқа да отандастарымыз Юлия Галышева тоғызыншы нәтижені көрсетсе, Аяулым Әмренова 13-ші орынды місе тұтты.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Азамат Бақи