2 сағат бұрын
Баскетбол аңызы Майкл Джорданның ұлы тұтқындалды
Аты әлемге әйгілі баскетболшы Майкл Джорданның туған ұлы Маркус Джордан қамауға алынды.
Маркусқа мас күйде көлік жүргізді, есірткі сақтады және тәркілеу кезінде қызметкерлерге қарсылық көрсетті деген айып тағылды.
34 жасар Маркус Калифорнияның штатының батысындағы Ориндж қаласының аумағында орналасқан түрмеге тоғытылды.
Айта кетсек, Майкл Джордан танымал америкалық баскетболшы. Мансабында «Чикаго Буллз» және «Вашингтон Уизардс» клубтарының намысын қорғаған. Американың беделді чемпионаты НБА-ның 6 дүркін жеңімпазы.