Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

05.02.2025

Жас теннисшілеріміз Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді

Жас теннисшілеріміз Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді

Tennis Europe (TE) ұйымы 14 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық бес жас ойыншы ТОП-100-ге кірді.

Ахмади Мақанов 13-орында қалса, Хақназар Жеткербай 30-дан 28-ге көтерілді. Олардың екеуі де – Ақтөбе теннис мектебінің түлектері. 

Сондай-ақ Әмір Асқар жақсы көрсеткішімен көзге түсіп, 74-тен бірден 56-сатыға шықты. Қыздар арасында Тәмина Сәкен 83-інші, Әмина Нұрмахан 87-орыннан көрінді. Бұлардың үшеуі де Алматы қаласында жаттыққан.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»