4 сағат бұрын
Бақтияр Артаев: Олимпиадалық спорттарға басымдық береміз
Қазір аймақтарда қаржының үлкен бөлігі олимпиадалық емес бағыттарға жұмсалып жатыр. Мәселен, Қызылорда облысында спортқа қарастырылған қаржының 20 проценті олимпиадалық, ал, 80 проценті олимпиадалық емес түрлеріне бөлінеді. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді.
Қызметке жуырда ғана келген ол жергілікті жастармен, оның ішінде, спортпен шұғылданатын жастармен кездесіп, қолға алып жатқан бастамаларымен таныстырды. Оның ішінде енді олимпиадалық бағыттарға ерекше екпін жасайтынын алға тартты. Яғни, бірте-бірте жоғарыдағы көрсеткіштердің орны ауысады.
Айта кетейік, қазір Парламент қабырғасында да арнайы заң жобасы дайындалып жатыр. Оған сәйкес, мемлекеттен қаржыландырылатын 184 спорт түрі 3 есе қысқарады. Қаржының негізгі бөлігі, сәйкесінше, олимпиалық бағыттарды дамытуға қарастырылады.
«Облыста спортқа қарастырылған қаржының 80 проценті олимпиадалық емес спорттаға жұмсалған. Қаріз реформа жасап жатырмыз. Министрліктің тапсырмасына байланысты олимпиадалық емес спорт түрлерін олимпиадалық түрлеріне қосамыз. Әрине, бұл бастапқы кезде ауыр қабылданады. Өйткені, олимпиалық емес түрімен табыс тауыр отырған азаматар бар. Олар соның арқасында сыйақы мен үстемақы алып келді. Бірақ, біз жеткізе білдік. Олар түсінді. Келесі олимпиадада ұятқа қалмау үшін біз осындай қадамға бару керекпіз» – деді Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев.