05.02.2025
«Қайрат» жолдастық кездесуде жеңіліс тапты
Фото: Арман Джаксыгулов
«Қайрат» Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында ресейлік «Пари НН» клубына 2:4 есебімен есе жіберді.
Қазақстандық ұжым сапынан Валерий Громыко дубль жасап, көзге түсті.
Гол авторлары: 14' Громыко (1:0), 23' Каккоев (1:1), 37' Кокшаров (2:1), 51' Кокшаров (3:1), 62' Царукян (4:1), 77' Громыко (4:2).
Алматылық клуб ОЖЖ аясындағы келесі матчын грузиялық «Самгурали» клубына қарсы өткізеді. Аталған ойын 8 ақпанға жоспарланған.
Еске салсақ, «сары-қалалар» QFL өткен маусымында 24 ойында 47 ұпай жинап, чемпион атанған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи