08.02.2025
Конькимен жүгіру: Евгений Кошкин ерекше жайттың авторы атанды
2025 жылғы қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин (9.47) күміс медальді жеңіп алды.
Неге ерекше жайт?
- 100 метр қашықтықтағы жүлде жиынтығы қысқы Азия ойындарында тек екінші мәрте ғана сарапқа салынды. Бұған дейін тек 2007 жылы жүлде үлестірілген.
- Қазақстан спортшысы Евгений Кошкин дәл осы сайыста ел тарихындағы бірінші медальді иеленді.
Жарыс нәтижесі:
1-орын. Гао Тинъюй (Бейжің Олимпиадасының чемпионы) - 9.35
2-орын. Евгений Кошкин - 9.47
3-орын. Ким Джун Хо (Әлем чемпионатының күміс жүлдегері) - 9.62
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов