Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Дәл қазір эфирде Барселона – Атлетико Мадрид Өту
«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10.02.2025

Хоккейден плей-офф кезеңіне өткен барлық құрама анықталды

Хоккейден плей-офф кезеңіне өткен барлық құрама анықталды

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК баспасөз қызметі

Қысқы Азия ойындарындағы хоккей бәсекесінде плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар белгілі болды.

А тобында бақ сынаған барлық ұжым – Қазақстан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және Таиланд құрамалары плей-офф кезеңіне сүрінбей өтті.
Сонымен қатар, Гонконг пен Қырғызстан құрамалары да ширек финалда бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Ширек финалдық ойындар 11 ақпан күні басталады. Жартылай финал матчтары 13 ақпанға жоспарланған. Ал 14 ақпанда турнирдің жүлдегер құрамалары анықталмақ.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы өз тобында өткізген 5 ойында 15 ұпай жинап, келесі кезеңге сенімді түрде өткен болатын.

Қытайдың Харбин мен Ябули қалаларында өтіп жатқан сары құрлық додасы 14 ақпанға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»