10.02.2025
Абат Айымбетов доп тебетін клубтың президенті қызметінен кетті
Түркиялық «Адана Демирспор» клубының президенті Бедирхан Дурак өз еркімен орнын босатқанын хабарлады.
Кеше «Адана Демирспор»ойыншылары «Галатасарайға» қарсы матчтың 30 минутында төрешінің шешімімен келіспей, алаңнан кетіп қалған еді.
Осы арқылы төрешілер мен Түркия футбол федерациясына наразылық білдірді. Енді қатаң жазалануы мүмкін.
Айта кетейік, «Адана Демирспор» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов өнер көрсетеді. Клуб Түркия чемпионатында 21 ойында 5 ұпай жинап, ең соңғы орында келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов