Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

11.02.2025

Азиада-2025: Фристайл-акробатикадан жетістіктеріміз неге жаңарды?

Азиада-2025: Фристайл-акробатикадан жетістіктеріміз неге жаңарды?

Фристайл-акробатикадан Харбиндегі Азиадада рекордтық 11 жүлде сарапқа салынып, Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды.

Бұған дейінгі қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан жүлде бұйырған сәттер:

2011 жыл.

2-орын. Жібек Арапбаева

3-орын. Руслан Аблятифов

  • Аяна Жолдас - дәл қазіргі сәтте қысқы Азиададан ел тарихындағы ең көп 3 жүлде (1 күміс, 2 қола) алған спортшы. Ол жеке, жұптық, аралас командалық сайыста медаль иеленді.
  • Биыл фристайл-акробатикадан синхро бағдарламасы бірінші мәрте қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енді.

Бүгін фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті. Жарыс жолында жерлестеріміз Олимпиада чемпиондарын артқа қалдырып кетті.

1-орын. Қазақстан - 97.92 ұпай

2-орын. Қытай - 93.48 ұпай

3-орын. Қытай - 91.57 ұпай

Шерзод Хаширбаев бұған дейін аралас командалық сайыста күміс жүлдегер атанған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»