Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

11.02.2025

Бауыржан Байтана мансабын «Каспийде» жалғастырады

Бауыржан Байтана мансабын «Каспийде» жалғастырады

Фото: «Каспий» ФК

«Каспий» футбол клубы Бауыржан Байтанамен келісімшартқа отырды.

Тараз футбол мектебінің түлегі мансабында «Тараз», «Атырау», «Сұңкар», «Тобыл», «Қайрат», «Ақтөбе», «Шахтёр» және «Жеңіс» сынды клубтарда доп тепкен.

Сондай-ақ 32 жасар жартылай қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасы жейдесінде 5 матч өткізген.

Еске салсақ, ақтаулық ұжым бірінші лиганың өткен маусымында 28 ойында 58 ұпай жинап, чемпионатты үшінші орында аяқтаған болатын.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»