11.02.2025
Юлия Путинцева WTA 1000 турниріндегі жарыс жолын аяқтады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шыға алмады.
Жарыстың 1/16 финалында Путинцева (WTA: 20 орын) 20 жасар Линда Носковаға (WTA: 33 орын) жол берді.
1 сағат 4 минутқа созылған матч 0:2 (2:6; 3:6) есебімен чехиялық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Енді Линда келесі айналымда әлемнің екінші ракеткасы польшалық Ига Швантекпен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 654 963 долларды құрайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи