12.02.2025
«Қайсар» жолдастық кездесуде «Мурас Юнайтедтен» жеңіліп қалды
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қызылордалық «Қайсар» жолдастық кездесуде қырғызстандық «Мурас Юнайтедтен» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Қызылордалық «Қайсар» командасы келесі маусымда легионерлермен ойнаудан түбегейлі бас тартты.
Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді.
Осыған дейін бұл бастаманы «Ұлытау» мен «Оқжетпес» клубтары қолға алған еді.
Қазірге дейін қызылордалық ұжым қақпашы Нұрымжан Салайдин, қорғаушы Әділет Кеңесбек, Абылайхан Төлегенов, Қуаныш Қалмұратов, жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаев, Айбол Әбікен, шабуылшы Айбар Жақсылықовпен келісімшартқа отырды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»