13.02.2025
Бүгін Еуропа лигасы плей-офф сатысының алғашқы ойын күні өтеді
Фото: fmf.md
Бүгін УЕФА Еуропа лигасы плей-офф сатысының алғашқы ойын күні өтеді.
Бұл күні барлығы сегіз ойын өтеді. Олардың арасынан сағат 22:35-те «Фенербахче» (Түркия) мен «Андерлехт» (Бельгия), 00:50-де «Порту» (Португалия) мен «Рома» (Италия) ойындары «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ бұл күні «Ференцварош» (Венгрия) пен «Виктория Пльзень» (Чехия), «Юнион Сен-Желуаз» (Бельгия) бен «Аякс» (Нидерланд), «Мидтьюлланн» пен «Реал Слсьедад» (Испания), «Алкмаар» (Нидерланд) пен «Галатасарай» (Түркия), «Твенте» (Нидерланд) мен «Бодо-Глимт», ПАОК (Грекия) пен ФКСБ (Румыния) кездеседі.
Қарымта ойындар 20 ақпанға белгіленген.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»