Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

13.02.2025

«Барыс» бүгін елордада СКА командасымен кездеседі

«Барыс» бүгін елордада СКА командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» командасы

 Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 32 мәрте кездескен. Оның 7-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 28 ұпаймен 23-орында тұрса, «Адмирал» 67 ұпаймен 11-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 15 ақпанда «Лада» (Тольятти) клубымен ойнаса, 17 ақпанда «Металлург» (Магниогорск), 20 ақпанда «Северсталь» (Череповец), 22 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездеседі.


 


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»