Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

13.02.2025

«Барселонаның» спорт директоры: Ламин Ямальдың клубтағы болашағы жарқын

«Барселонаның» спорт директоры: Ламин Ямальдың клубтағы болашағы жарқын

Фото: Daniela Porcelli/Eurasia Sport Images

«Барселона» клубының спорт директоры Деку команданың жарық жұлдызы Ламин Ямаль туралы пікір білдірді.

— Командада маңызды ойыншылар жетерлік. Соның бірі — Ламин Ямаль. Оның басқа клубқа ауысуы туралы айтатын болсам, біз ешбір ұжыммен келіссөз жүргізген жоқпыз. Ламин Ямальдың «Барселонадағы» болашағы жарқын. Ол клубпен алда ұзақ жыл бірге болады,— деді Деку.

Ямальдың «Барселонамен» келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Испаниялық ойыншының нарықтағы құны 180 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, каталониялық клубтың 17 жасар шабуылшысы осы маусымда 31 матчта алаңға шығып, 11 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»