13.02.2025
ПСЖ клубына қаржы бөлу тоқтатылуы мүмкін
Фото: Icon Sportswire/Getty Images
ПСЖ клубының қаржылық жағдайына қауіп төніп тұр.
Париждік клубтың президенті Нассер Әл-Хелаифиға билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Осыны естіген Қатар елінің өкілдері Франциядағы барлық инвестициясын қайтарып аламыз деп отыр. Олардың қатарында ПСЖ клубының жобасы мен BeIN компаниясы бар.
Айта кетейік, қатарлық инвесторлар Францияның алпауыт клубын 2011 жылдан бері қаржыландырып келеді. Осы аралықта ПСЖ 11 мәрте ел чемпионы атанды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи