14.02.2025
Нысана көздеу: Ұлттық құрама мергендері Азия Кубогының жеңімпазы атанды
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында отандасымыз Елизавета Безрукова мен Константин Малиновский жұбы алтын медаль жеңіп алды.
Олар пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атудан аралас жұптық сында финалға шығып, Индонезия-2 командасынан басым түсті (17-9). Үштікті Оңтүстік Корея мен Индонезия-1 түйіндеді.
Айта кетейік, Константин Малиновский осы бағдарламада Париж Олимпиадасына қатысқан. Ал Елизаветаға былтыр күзге дейін осы жаттығудағы Қазақстан рекорды тиесілі болған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов