15.02.2025
Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы ресейлік клубты жеңді
Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы - Солтүстік Корея жолдастық кездесуде Ресейдің «Рубин» командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
Айта кетсек, қазақстандық футболшылар аталған қарсыласымен 17 ақпан күні кездеседі.
Айта кетсек, бұдан бұрын Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Локомотив» (Ташкент) клубы арасында жолдастық ойын болды.
Жабық түрде өткен бақылау ойынында Әли Әлиев шәкірттері өзбекстандық ұжыммен 1:1 есебімен тең түсті.
Жиын Әли Әлиевтің құрамаға үміткер жас ойыншылардың әлеуетін байқап, бағамдау үшін өткізіліп жатыр. Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны 17 ақпанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»