01.12.2024
Брейкингтен ұлттық құрама Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткіздң
17-30 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының брейкинг құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтті. Бұл шаралар 2024 жылдың 20-21 желтоқсанында Қытай Халық Республикасының Чэнду қаласында өтетін Брейкинг бойынша Әлем чемпионатына дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқу-жаттығу жиындары «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Олардың қолдауы мен көмегінің арқасында команда әлемдік деңгейдегі жарыстарға жоғары деңгейде дайындалу мүмкіндігіне ие.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов