17.02.2025
«Астана» клубы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыласын талқандады
«Астана» футболшылары оқу-жаттығу жиыны аясында Дубайдың «Арабиан Фэлконз» командасын ойсырата жеңді.
Қазақстандық клуб 6:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Станислав Басманов (2), Рамазан Каримов (2), Нұрали Жақсылық және Усман Камара.
Бүгін сағат 17:30-да елордалық команда «Краснодарға» қарсы тағы бір бақылау матчін өткізеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов