Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

18.02.2025

Ламин Ямаль кәсіби мансабындағы 100-ші ойынын өткізді

Ламин Ямаль кәсіби мансабындағы 100-ші ойынын өткізді

Фото: «Барселона» ФК

«Барселона» клубының 17 жасар ойыншысы Ламин Ямаль кәсіби мансабындағы мерейтойлы 100-ші матчын өткізді.

Ла лиганың 24-туры аясында өткен «Райо Вальеканоға» қарсы кездесуде (1:0), Ямаль «Барселона» жейдесіндегі 83-ші ойынында алаңға шықты. Одан бөлек ол Испания құрамасы сапында 17 матч өткізген.
Осы аралықта испаниялық вингер 21 гол соғып, әріптестеріне 28 ассист берген. Сондай-ақ Ла лига, Испания Суперкубогы, Еуро-2024 сынды ірі турнирлерде чемпион атанған.

Айта кетейік, Ямаль биылғы маусымда каталониялық клуб намысын 28 матчта қорғап, 11 рет гол соғып, ұжымдастарына 15 нәтижелі пас берген.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»