18.02.2025
Биатлоннан әлем чемпионатында бүгін кімдер сынға түседі?

Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
Биатлоннан Қазақстан құрамасы Швейцарияның Ленцерхайде қаласында өтетін әлем чемпионатына аттанды.
Бүгін, 18 ақпанда әйелдер жекелей сында жарыс жолына шығады.
Жалпы саны 93 спортшы сайысқа түсетін бәсекеге еліміздің атынан Ольга Полторонина, Полина Егорова және Галина Вишневская-Шепоренко қатысады.
Әйелдер арасындағы жарыс Қазақстан уақытымен сағат 19:05 басталады.
Ал ерлер арасындағы медаль жиынтығы ертең, 19 ақпанда сарапқа салынады.
