18.02.2025
Қазақстан 2026 жылы Қысқы Олимпиадаға ресми түрде шақырту алды
Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті
Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды.
Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мәлім етті.
Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.
Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»