Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

18.02.2025

Оливье Жирудың үйіне ұры түсті

Оливье Жирудың үйіне ұры түсті

Фото: Getty Images

Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Оливье Жирудың үйін ұрылар тонап кетті, деп мәлімдейді TMZ порталы.

Бұл туралы футболшының әйелі үйінен сынған терезені көргеннен соң полицияға хабарлаған.

Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, баукеспелер жалпы құны 500 мың еуроны құрайтын оннан аса бағалы сағаттарды қолды қылған.
Қазіргі таңда ұрлықшылар әлі қолға түспеген. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, Оливье Жиру өткен жылдың жаз айында «Лос-Анджелес» футбол клубына ауысқан болатын.

Сол уақыттан бері 38 жасар шабуылшы 19 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пастың авторы атанған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан