19.02.2025
Салмақ қуып, денсаулығы нашарлаған: Сауд Арабиясында мықты жекпе-жектің бірі өтпейді
22 жастағы америкалық жеңіл салмақтағы боксшы Флойд Скофилд (18-0, 12 КО) WBC чемпионы, отандасы Шакур Стивенсонмен (22-0, 10 КО) жекпе-жекке шықпайды. Бұл кездесу сенбі күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Riyadh Season ұйымдастырған ауқымды бокс кешінің аясында өтуі тиіс болатын.
Жекпе-жектің тоқтатылу себебі – Скофилдтің денсаулығына байланысты болып тұр.. Бейресми ақпарат бойынша, оның салмақ түсіруде қиындықтарға тап болғаны айтылады. Бұл жағдайға қатысты боксшының әкесі әрі бапкері, Флойд Скофилд мәлімдеме жасады. Ол ұлын улады деп айыптап, кінәлілер ретінде SNAC компаниясын (иесі – Виктор Конте) және Стивенсонның массажистін атады.
The Ring басылымының мәліметінше, Стивенсонге жаңа қарсылас тез арада табылуы тиіс. Оның орнына мароккалық Мусса Голам (22-1, 13 КО) немесе британдық Джош Пэдли (15-0, 4 КО) шығуы мүмкін.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов