20.02.2025
Килиан Мбаппе ерекше жетістікке қол жеткізді
"Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында ерекше жетістікке қол жеткізді. Франциялық сұрмерген – Чемпиондар Лигасы мен Еуропа чемпиондары Кубогы тарихында "Сантьяго Бернабеу" мен "Камп Ноу" стадиондарында хет-трик жасаған алғашқы футболшы ретінде тіркелді.
Кеше Мбаппе "Реалдың" өз алаңында "Манчестер Ситиге" қарсы өткен матчында үш гол соқты (3:1). Осылайша, мадридтік клуб Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына жолдама алды.
2021 жылы Килиан "Камп Ноу" стадионында үш гол соғып, ерекше жетістікке жеткен болатын. Сол кезде ол "ПСЖ" сапында өнер көрсетіп, француздар "Барселонаны" 4:1 есебімен жеңген еді.
Айта кетейік, Мбаппе 2024 жылдың жазында "Реалға" ауысты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов