Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

21.02.2025

Түркістан ауыр атлетика федерациясына жаңа президент тағайындалды

Түркістан ауыр атлетика федерациясына жаңа президент тағайындалды

Алмасхан Жамбаев — Түркістан облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті болып сайланды.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиевтің бұйрығымен Алмасхан Жамбаев облыстық федерацияның президенті қызметіне тағайындалды. Федерацияның Өңірлік даму және жарыстар өткізу жөніндегі вице-президенті Мұрат Жолдыхожаев жаңа басшыға сәттілік тілеп, бірқатар міндеттер жүктеді.

Алмасхан Бегежанұлы Жамбаев Шардара ауданының Шардара ауылының тумасы, Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің түлегі. Ол Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің «Құрылыс материалдары бұйымдарын және конструкцияларын өңдеу» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сонымен қатар «Техника және технология магистрі», «Экономика магистрі» академиялық дәрежелерін иеленген.

Қазірге дейін оның жетекшілігімен көптеген нысандар мен ғимараттардың негізі қаланды. Соңғы екі жылда Түркістан облысы Шардара ауданының мәслихат депутаты қызметінде. Сонымен бірге Түркістан облысы Велоспорт федерациясының президенті қызметін қоса атқарады.

Енді Алмасхан Жамбаев өңірде жастардың ауыр атлетикамен айналысуына жағдай жасау, осы спорт түрінің имиджін көтеруге бағытталған кешенді жұмыстармен айналысады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан