Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

21.02.2025

Рафаэль Уразбахтин: Кім қарсыласты жақсы зерттесе, сол жеңіске жетеді

Рафаэль Уразбахтин: Кім қарсыласты жақсы зерттесе, сол жеңіске жетеді

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Суперкубогы қарсаңында команданың дайындығы бойынша пікірін білдірді.

«1-2 күн бұрын ғана Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралдық. Команда жасыл алаңда ойнауға дайын. Құрамдағы футболшыларыма көңілім толады. Әзірше бір позиция бойынша орын тұр. Суперкубоктың матчына келетін болсақ, қос клуб та бір-бірін зерттеді. Кім жақсы зерттеген, сол жеңіске жетеді».

Бас бапкер жақында ғана «Челси» клубына ауысқан Дастан Сәтпаевтың қазіргі күйін айтты.

«Дастан Сәтпаевқа соңғы кездегі ақпараттар қатты әсерін тигізбеді. Психологиялық жағынан қалыпты. Жаттығуды қалыпты режимде өткізіп жүр. Еш өзгеріс байқамадым».

46 жастағы отандық маман алдағы маусымда талантты жастарда міндетті түрде ойын уақыты болатындығын атап өтті.

«Өткен маусымда өнер көрсеткен легионерлерімізді толықтай сақтап қалдық. Осы оқу-жаттығу жиынында «Қайрат» академиясының үздіктерін (Рамазан Бағдат, Әбіхайыр Әбдірахманов, Александр Широбоков) әдеттегідей оқу-жаттығу жиынына шақырдық. Бірнеше фронтта доп тебетіндіктен, жастарымызға міндетті түрде мүмкіндік беріледі».

Айта кетейік, «Қайрат» - «Ақтөбе» арасындағы кездесу ертең 15:00-де Astana Arena стадионында өтеді.

 


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан