20 сағат бұрын
Пара велошабандоздар Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Тректегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде ел спортшылары командалық тандем спринтінде 55.841 секунд уақытымен мәреге үшінші болып келді.
Малайзия командасы 53.059 уақытын көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанса, Тайланд командасы 54.992 с екунд нәтижесімен екінші орынды еншіледі.
Командалық спринтте Сейтжан Кенжеғұл мен Сұлтанмұрат Мералиев, Жұлдыз Қайнарова мен Полина Братчикова өнер көрсетті.
Айта кетсек, пара велоспорттан тректегі Азия чемпионаты Малайзия елінде 21-27 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа 16 мемлекеттен 250-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан тарапынан 6 спортшы бақ сынайды.
