10 сағат бұрын
Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров алтыннан алқа тақты.
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен дүбірлі додада Михаил 285.10 ұпай жинап, алдына жан салмады.
Күміс жүлде жарыс иелері атынан сынға түскен Джунхван Чаға (265.02) бұйырса, үздік үштікті америкалық Джимми Ма (245.01) түйіндеді.
Осылайша Михаил аталған турнирде алтын медаль жеңген Денис Теннен кейінгі екінші қазақстандық спортшы атанды.
