19 сағат бұрын
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері спорттан шеттетілді

Допинг тексеру жөніндегі Халықаралық агенттік (ITA) өзбекстандық зілтемірші Рустам Джангабаевты 8 жылға спорттан шеттетті.
2024 жылдың 22 ақпанында алған допинг сынамадан тыйым салынған препарат — остарин табылды.
Джангабаев 2018 жылы 109 келі салмақта әлем чемпионатының қола медалін иеленген.
2020 жылы да допинг дауына іліккен соң, ол 8 жылға үлкен спорттан аластатылып отыр.
