8 сағат бұрын
Волейбол: «Қуаныш» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фото: «Қуаныш» ВК
Өскемен қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың плей-офф кезеңі өтіп жатыр.
Кеше үшінші орын үшін өткен матчта «Қуаныш» былтырғы ел чемпионы «Тұранды» жеңіп, Қазақстан чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Қос команданың алғашқы кездесуінде петропавлдық ұжым 3:1 (25:19, 25:10, 20:25, 25:22) есебімен басым түскен еді. Ал жауапты ойында «Қуаныш» 3:0 (25:13, 25:18, 25:18) есебімен айқын жеңіске жетіп, серияны мерзімінен бұрын аяқтады.
Бүгін ел чемпионы анықталады. Ақтық матчта талдықорғандық «Жетісу» мен алаң иелері «Берел» шеберлік байқасады. Қазір серияда есеп тең — 1:1. Бірінші матчта «Жетісу» 3:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойында дәл осындай нәтижемен «Берел» қарымта қайтарды.
Чемпиондық атақ үшін өтетін шешуші ойын бүгін сағат 16:00-де басталады. Аталған кездесуді Qazsport арнасынан тамашалай аласыз.
