5 сағат бұрын
Сабина Алтынбекова жұбайымен ажырасып кеткенін мәлімдеді

Фото: instagram/altynbekova_20
Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова оқырмандарының жеке өміріне қатысты қойған сұрағына жауап берді.
— Иә, мен ресми түрде некеде болдым және ресми түрде ажырастым. Бұл тақырып бойынша маған көп сұрақ қойылды. Сондықтан осы мәселеге нүкте қояйық, — деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сабина 2020 жылдың соңында белгілі кәсіпкер Саят Салманұлымен шаңырақ көтерген еді. Араға бір жыл салып екеуінің ортақ ұлы дүниеге келді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Алтынбекова Индонезияның «Yogya Falcons» командасының намысын қорғап жүр.
