5 сағат бұрын
Фристайл-акробатикадан әлем кубогында кімге үміт артамыз?

Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
Италияның Ливиньо қаласында өтетін фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды.
Айтулы турнирде ел намысын екі спортшы құрайды.
Ерлер арасындағы сында Дінмұхаммед Райымқұлов өнер көрсетсе, әйелдер бәсекесінде Аяна Жолдас жүлдеге таласып көреді.
Дүбірлі дода бүгін, 13 наурызда өтеді.
