4 сағат бұрын
Волейбол: «Жетісу» 9 дүркін ел чемпионы атанды

Фото: «Жетісу» ВК
Өскемен қаласында волейболдан Ұлттық лиганың плей-офф кезеңі өз мәресіне жетті.
Финалда «Жетісу» мен «Берел» ел чемпионы атағы үшін тартысты ойын көрсетті.
Серияның алғашқы екі матчынан кейін есеп тең болды: бірінші кездесуде «Жетісу» 3:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойында дәл осы нәтижемен «Берел» қарымта қайтарды.
Ал шешуші үшінші ойында талдықорғандық «Жетісу» өскемендік «Берелді» 3:1 (21:25, 25:19, 25:12, 25:20) есебімен тізе бүктіріп, Қазақстан чемпионатының 9 дүркін жеңімпазы атанды.
«Жетісу» бұған дейін 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2014, 2015, 2020 жылдары чемпиондық атаққа қол жеткізген.
Айта кетейік, үшінші орын үшін өткен кездесуде «Қуаныш» былтырғы чемпион «Тұранды» жеңіп, қола жүлдеге ие болған еді.
