20 сағат бұрын

Әділ Ғалиахметов әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

Әділ Ғалиахметов әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

Фото: Olympic.kz.

Қытай астанасы - Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында ерлер арасында 1500 метр қашықтыққа сайыста Әділ Ғалиахметов жартылай финалға жолдама алды. 

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінде мәре сызығын екінші болып қиды. Бұл жартылай финалға шығуына мүмкіндік берді. 

Ал жарыс барысында үздік үштіктен көрінген Глеб Ивченко әлем чемпионаты жұбаныш кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды. Сәтті ойын көрсеткен жағдайда ол 1/2 финалға шығуына мүмкіндігі бар.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабаралуынша, биыл спортшылар 500, 1000 және 1500 метрге жекелей қашықтықта жарысады. Сондай-ақ ерлер – 5000, әйелдер – 3000 метрге эстафетада жүлделерді сарапқа салады. Бұдан бөлек аралас эстафета бойынша да жарыстар өтеді.

Әлем чемпионатында шорт-тректен Әділ мен Глебтен өзге ел намысын ерлерден Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, әйелдерде Яна Хан, Зейнеп Құмархан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжіғалиева қорғайды.

Бесінші жолдама: Елдана Тәліпова әлем чемпионаты финалына шықты

Бокс 6 сағат бұрын

Бесінші жолдама: Елдана Тәліпова әлем чемпионаты финалына шықты

Таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Басқа 7 сағат бұрын

Таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Наталья Богданова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бокс 7 сағат бұрын

Наталья Богданова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Төртінші финал: Аида Әбікеева әлем чемпионатының шешуші кезеңіне шықты

Бокс 8 сағат бұрын

Төртінші финал: Аида Әбікеева әлем чемпионатының шешуші кезеңіне шықты

Төрехан Сабырхан мансабы жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Бокс 8 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан мансабы жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Дияр Нұрғожайдың жекпе-жегі болмай қалуы мүмкін 

Бокс 8 сағат бұрын

Дияр Нұрғожайдың жекпе-жегі болмай қалуы мүмкін