5 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Қазақстандық конькимен жүгірушілер төртінші орынға тұрақтады

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі
Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтуде.
Бүгін, алғашқы жарыс күнінде әйелдер командалық спринт бәсекесінде сынға түсті.
Аталған жарыста еліміздің атынан Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина бақ сынады.
Нәтижесінде ел құрамасы төртінші орынға табан тіреді. Алтын жүлдені Нидерланд құрамасы жеңіп алды. Канадалық спортшылар күміспен күптелсе, Польша қола медальға ие болды.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 16 наурызға дейін жалғасады.
