4 сағат бұрын
Конькимен жүгіруден үздік көрсеткіш қайталанды: Әлем чемпионатының алғашқы күні қалай өтті?

Жеке дистанциялар бойынша конькимен жүгіруден Хамар (Норвегия) қаласындағы әлем чемпионатынының бірінші күнінде Қазақстанның әйелдер құрамасы спринттік бәсекедегі өзінің үздік нәтижесін қайталады.
Қазақстан атынан Дарья Важенина, Кристина Силаева, Надежда Морозова өнер көрсетті.
Командалық спринт. Әйелдер. 7 мемлекет.
- Нидерланд - 1:25.57
- Канада - 1:27.53
- Польша - 1:27.80
- Қазақстан - 1:28.78
2023 жылғы әлем чемпионатында да Надежда Морозова, Алина Дауранова, Екатерина Аидова бастаған аруларымыз 4-орынға табан тіреген.
Жалпы бұл сайыстан жүлде 2019 жылдан бері ғана сарапқа салынып келеді.
Бүгінгі жарыс кестесі:
500 метр. Дарья Важенина
500 метр. Кристина Силаева
500 метр. Евгений Кошкин
