5 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Шорт-тректен аралас командалық эстафетада жолымыз болмады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында аралас командалық эстафетаның (2000 м) ширек-финалдары аяқталды.
Бұл жөнінде спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.
Өкінішке қарай, Канада, АҚШ, Жапониямен бірге жарысқан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыға алмады. Команда сапында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан және Алина Әжғалиева өнер көрсетті.
Жарысты Нидерланд, Италия, Канада, АҚШ командалары жалғастырады
