5 сағат бұрын

Таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Астанада таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды.

Бұл жөнінде Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Төрт күнге созылған Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Астана қаласы (5 алтын, 5 қола) көш бастады. Екінші орынға Алматы қаласы (4 алтын, 4 күміс және 4 қола) жайғасса, Алматы облысы (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Чемпионат нәтижесінде жаңа спорт маусымына таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталып, 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды.

«Әлем чемпионатына жолдамалар күмән келтірмейтіндей әділ үлестірілуі үшін Федерация басшылғы осындай ашықтықты ұсынды. Қазақстан чемпиондары Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама, ал финалистер Малайзияда чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Биылғы Чемпионат жаңа ереже бойынша өткендіктен фавориттер өзгеріп, жаңа есімдер пайда болды, құрама 90% өзгерді деп айтуға болады. Сондай-ақ, бәсекелестіктің де өте жоғары екенін айта кеткен жөн. Себебі, қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті. 20 салмақ дәрежесінде 814 жас таеквондошы қатысты», - дейді таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрдәулет Асханов.

Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік таеквондо (WT) федерациясының ережесіне сай, жасөспірімдер арасындағы біріншілікте спортшылар биыл алғаш рет салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұған дейін спортшылар бойының ұзындығы бойынша сынға түскен.

Назарларыңызға жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионатының жеңімпаздарының тізімін ұсынамыз:

Қыздар:

-29 кг: Айару Орынғали (Атырау облысы)

-37 кг: Альфия Абдуллаева (Алматы облысы)

-51 кг: Аида Гожалимова (Алматы облысы)

-47 кг: Алла Цой (Алматы)

-55 кг: Аяжан Таңжарық (Астана)

-44 кг: Анастасия Михайлиди (Павлодар облысы)

-59 кг: Жанна Палмахова (Қызылорда облысы)

-33 кг: Көркем Серікбай (Алматы)

-41 кг: Шаббон Исламбаева (Жамбыл облысы)

+59 кг: Жібек Ерғазы (Түркістан облысы)

Ұлдар:

-33 кг: Диас Байдуллаев (Алматы қаласы)

-41 кг: Әлібек Жақсылықұлы (Алматы облысы)

-37 кг: Руслан Стацина (Астана)

-49 кг: Ерсұлтан Оразбекұлы (Астана)

-45 кг: Сұлтанмұхаммед Розиев (Алматы облысы)

-57 кг: Аятжан Әмірханов (Астана)

-61 кг: Хамзальпен Ромашкин (Шымкент)

-53 кг: Сұлтан Цай (Алматы)

-65 кгМирас Исенгельдин (Астана)

+65 кг: Жантөре Сағынғали (Маңғыстау облысы)

Бесінші жолдама: Елдана Тәліпова әлем чемпионаты финалына шықты

Бокс 5 сағат бұрын

Бесінші жолдама: Елдана Тәліпова әлем чемпионаты финалына шықты

Таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Басқа 5 сағат бұрын

Таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Наталья Богданова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бокс 6 сағат бұрын

Наталья Богданова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Төртінші финал: Аида Әбікеева әлем чемпионатының шешуші кезеңіне шықты

Бокс 6 сағат бұрын

Төртінші финал: Аида Әбікеева әлем чемпионатының шешуші кезеңіне шықты

Төрехан Сабырхан мансабы жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Бокс 6 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан мансабы жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Дияр Нұрғожайдың жекпе-жегі болмай қалуы мүмкін 

Бокс 7 сағат бұрын

Дияр Нұрғожайдың жекпе-жегі болмай қалуы мүмкін