7 сағат бұрын
17-23 наурыз аралығында қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі 17-23 наурыз аралығына белгіленген спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.
17-21 наурыз: Пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасындағы ел чемпионаты
- Біріншілікке еліміздің 17 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Талдықорған қ.
18-24 наурыз: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі
- Қазақстан атынан 6 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Анталия қ., Түркия.
20 наурыз: Ұлттық ойындар бойынша көрсетілімдер
- Ойын түрлері: теңге ілу, садақ ату, қыз қуу, көкпар, асық ату, құс баптау, атқа міну дәстүрі.
- Өтетін орны: Астана қ., «Арғымақ» ат спорты және денсаулықты сақтау кешені.
20-23 наурыз: WKF каратэден жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты
- Чемпионатқа еліміздің 16 өңірінен 400 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Тараз қ.
21-23 наурыз: Биатлоннан Әлем кубогінің 9-кезеңі
- Қазақстан құрамасынан 7 спортшы сынға түседі.
- Өтетін орны: Осло қ., Норвегия.
21-24 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңі
- Ел намысын 2 отандасымыз қорғайды.
- Өтетін орны: Лахти қ., Финляндия.
21-24 наурыз: Көркем гимнастикадан Aphrodite Cup халықаралық турнирі
- Ел құрамасы сапынан 16 спортшы сынға түседі.
- Өтетін орны: Афина қ., Греция.
21-25 наурыз: Альпинизмнен ел чемпионаты
- Ішкі біріншілікке 10 өңірден 80 спортшы қатысады.
- Өтетін орны: Алматы обл.
22-25 наурыз: Пара дзюдодан Әлем кубогы
- Ел намысын 10 спортшы қорғайды.
- Өтетін орны: Тбилиси қ., Грузия.
22 наурыз – 1 сәуір: Су полосынан U20 Азия чемпионаты (ерлер мен әйелдер)
- Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.
- Өтетін орны: Сингапур қ., Сингапур.
