3 сағат бұрын

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Астана қаласының құрама командасы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.

Астанада таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Астана қаласы (5 алтын, 5 қола) көш бастады. Екінші орынға Алматы қаласы (4 алтын, 4 күміс және 4 қола) жайғасса, Алматы облысы (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді. 

Чемпионат нәтижесінде жаңа спорт маусымына таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталып, 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды. 

«Әлем чемпионатына жолдамалар күмән келтірмейтіндей әділ үлестірілуі үшін Федерация басшылғы осындай ашықтықты ұсынды. Қазақстан чемпиондары Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама, ал финалистер Малайзияда чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. 

Биылғы Чемпионат жаңа ереже бойынша өткендіктен фавориттер өзгеріп, жаңа есімдер пайда болды, құрама 90% өзгерді деп айтуға болады. Сондай-ақ, бәсекелестіктің де өте жоғары екенін айта кеткен жөн. Себебі, қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті. 20 салмақ дәрежесінде 814 жас таеквондошы қатысты», - дейді таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрдәулет Асханов. 

Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік таеквондо (WT) федерациясының ережесіне сай, жасөспірімдер арасындағы біріншілікте спортшылар биыл алғаш рет салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұған дейін спортшылар бойының ұзындығы бойынша сынға түскен. 

Қазақстанда биыл  9 футбол алаңы жаңартылады

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстанда биыл  9 футбол алаңы жаңартылады

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бокс 2 сағат бұрын

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Футбол 3 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Басқа 3 сағат бұрын

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?

Күрес 4 сағат бұрын

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?