4 сағат бұрын
4 алтын: Ски-альпинизмнен Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже тіркеді

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Ски-альпинизмнен Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Азия кубогында жалпы саны 7 медаль жеңіп алды.
Тік көтерілу жарысында Әсем Назырова мен Шыңғыс Байқашев жеңімпаз атанды. Нияз Жанзақов күміс жүлдеге ие болса, Денис Власов қола медаль иеленді.
Спринт сайысында Денис Власов пен Әсем Назырова бірінші орын алды. Нияз Жанзақов екінші орынға тұрақтаса, Шыңғыс Байкашев төртінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.
