6 сағат бұрын
Фристайл-могулдан әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы Швейцарияның Энгадин қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады.
Айтулы турнирде еліміздің намысын Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Фёдор Бугаков және Максим Емельянов қорғайды.
Доданың іріктеу кезеңі 18 наурыз өтсе, негізгі кезең 19 наурыз басталады.
Параллель-могулдағы жүлделер жиынтығы 21 наурыз сарапқа салынады.
