4 сағат бұрын
Бишімбаев ісінде судья болған Айжан Құлбаева шахматтан чемпион атанды

Фото: kaz.tengrinews.kz
Қуандық Бишімбаев ісінде судья болған Айжан Құлбаева Наурыз мейрамы қарсаңында өткен шахмат турнирінде жеңіске жетті.
ҚР судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды.
Жарысқа ҚР Сот әкімшілігінің, ҚР Әскери сотының, қалалық және аудандық соттардың командалары қатысты. Жарыстың барлық кезеңдерінде қатысушылар өздерінің шеберліктері мен жақсы дайындықтарын көрсетті.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Кульбаева әйелдер арасында шахматтан өткен турнирде жеңімпаз атанды.
