3 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Қос фристайлшымыз финалға шықты

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстандық фристайлшылар Юлия Галышева мен Анастасия Городко Швейцарияның Энгадин қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем чемпионатының финалына шықты.
Қос спортшымызда іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. 37 фристайлшының арасында Галышева 9-орынға, ал Городко 15-орынға табан тіреді.
Енді ертең отандастарымыз жүлдеге таласады. Финалдық бәсеке Қазақстан уақытымен сағат 15:30-ға жоспарланған.
