7 сағат бұрын
Велоспорттан Италиядағы додаға қатысатын «Астана» құрамы анықталды

Фото: «XDS Astana Team»
«XDS Astana Team» Италияда өтетін бір күндік «Милан-Турин» турниріне қатысады.
Команда құрамы: Альберто Беттиоль (Италия), Давиде Баллерини (Италия), Никола Кончи (Италия), Лоренцо Фортунато (Италия), Харольд Мартин Лопес (Эквадор), Харольд Техада (Колумбия), Диего Улисси (Италия).
Спорт директорлары: Александр Шефер, Стефано Занини, Марио Манцони.
106-шы рет ұйымдастырылып жатқан біркүндік бәсеке ертең, 19 наурызда өтеді.
