4 күн бұрын
Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

АҚШ-тың Бостон қаласындағы TD Garden аренасы 9 жылдық үзілістен кейін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын қайта қабылдады.
Бүгін әйелдер арасындағы алғашқы қысқа бағдарлама сайысы өтіп, Қазақстан 6 жылдық үзілістен кейін қайта әйелдер бәсекесінде жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
18 жастағы Софья Самоделкина өз мансабындағы алғашқы жаһандық додасында еш қателікке жол бермей, өз мүмкіндігінше өнер көрсетті.
Қандай күтпеген жайт тіркелді?
Биылғы Еуропаның күміс жүлдегері, әлемдік рейтингте жоғары орында тұрған Анастасия Губанова (Грузия) өрескел қателікке жол беріп, күтпеген жерден жарысты аяқтады.
Чемпиондыққа басты фаворит саналған Ким Чхэён (Оңтүстік Корея) қысқа бағдарламада тек 11-орынға тұрақтады.
Әйелдер. Қысқа бағдарлама. 33 қатысушы.
1-орын. Алиса Лью (АҚШ) - 74.58 ұпай
2-орын. Монэ Тиба (Жапония) - 73.44
3-орын. Изабо Левито (АҚШ) - 73.33
13-орын. Софья Самоделкина (Қазақстан) - 63.58
Еркін бағдарламаға тек 24 спортшы өтеді және Олимпиада жолдамасын иеленеді.
Бұған дейін Қазақстан намысын 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева қорғаған еді. Жарыс нәтижесі бойынша, аруымыз Жапонияның Сайтамасында тек Олимпиада чемпионы, ресейлік Алина Загитоваға есе жіберіп, ел тарихындағы тарихи күміс жүлдені еншілеген болатын.
Еркін бағдарлама сайысы Астана уақыты бойынша 29 наурыз күні, таңғы 4-ке жоспарланған.
